jasqazaq.kz

Бас есепшінің ұрлық туралы айтқаны жасырын камераға жазылып қалған

05 қантар 2019, 12:20

Өскемендегі мамандандырылған балалар үйінің бас есепшісі жаңа жылдық жиын кезінде әріптестері алдында мәлімдеме жасады. Ол мекеме директорымен бірге ұрлық жасайтындарын мәлімдеді. Бұл туралы Tengrinews.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Есепшінің бұл мәлімдемесі жасырын камераға түсіріліп, YouTube хостингінде жарияланған. «Мен әрі қарай мұндай ұрлық жасаумен айналысатын директормен жұмыс істей алмаймын! Ол ұры! Сіздердің біздің ұрлықты қалай жасағанымызды білмейсіздер! Ешкімнің басына келмесін мұндай… Мен де ол сияқты ұрымын… Қорқып тұрған жоқпын», — дейді әйел видеода.

Телеарнаның мәліметінше, балалар үйіндегі жалақы қорынан 15 миллион теңге жымқырылған. 160 қызметкерге жалақы берілмеген. Осы видеодан кейін бас есепші жұмыстан шығарылды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп, кінәлілер іздестіріліп жатыр. Ал мекеменің директоры мұны тергеу құпиясы деп ешқандай пікір білдірмеді. Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасындағылар осы істің мән-жайын анықтауға уәде берді. Айтуларынша, алдағы екі апта ішінде қызметкерлерге жалақысы беріледі. «Барлық қызметкердің жалақысына қатысты мәселені шешеміз. Ішкі аудит жұмыстарын жүргіземіз», — деді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде