jasqazaq.kz

Бас дәрігер жұмысқа тұрғызу үшін қала тұрғынынан пара алған

23 қантар 2021, 11:24

Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, денсаулық сақтау жүйесінде сыбайлас жемқорлық фактілері орын алып жатыр.

Бұл жайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Асхат Жұмағали брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Өткен жылдың өзінде департамент медицина қызметкерлеріне қатысты 12 қылмысты тіркеген. Денсаулық сақтау жүйесінде облыстық балалар ауруханасының бұрынғы бас дәрігері мен аурухананың бас бухгалтеріне қатысты үкім шықты. Олар көрсетілген қызметтердің жалған актілері бойынша жүйелі түрде ақша жымқыру схемасын (25,5 млн теңгеден астам) ұйымдастырған. «Медициналық қызметке тағайындау үшін №9 қалалық емхананың бас дәрігері мен физиотерапевт дәрігері 400 мың теңге пара алғаны үшін сотталған», — деп атап өтті Асхат Жұмағали. Спикердің айтуынша, денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бейінді басқарма басшылығы мен бас дәрігерлердің өздері тарапынан жеткілікті көңіл бөлінбеуде. Жемқорлыққа бейім мемлекеттік мекемелердің біріне айналған емханалар мен ауруханалар Transparency Kazakhstan зерттеуінде де осы саладағы жағымсыз жағдай туралы айтылуда. Бұл туралы респонденттер 100% атап өтті. «Бұл ретте кешенді шаралар қабылдай отырып, түбегейлі, нақты іс-қимыл қажет. Жағымсыз жағдайды өзгерту үшін сыртқы талдау барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ескере отырып, Жол картасын әзірлеу қажет деп санаймыз « — деді ол.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық