jasqazaq.kz

Бас дәрігер видео авторын сотқа сүйремек

08 шiлде 2020, 10:24

Жамбыл облысында аудандық аурухананың бас дәрігері пневмония жұқтырып, ем алып жатқан науқастың заң алдында жауап беруін талап етіп отыр. Оған себеп провизорлық стационардың емделушісі бірнеше күн бұрын «көрші палатада адам өлді, тәулік бойы қараған маман жоқ» деп даулы видео жариялаған. Бұл туралы Almaty.tv хабарлады.

Оған қоса, науқастарға жағдайдың мүлдем жасалмағанын айтқан екен. Бірақ, телеарна мәліметінше, бұл ақпаратты емхана басшылығы жоққа шығарып отыр.

Даулы оқиға Желіде тараған видеодан +басталған. Өкпенің қабынуы диагнозымен Байзақ аудандық ауруханасында жатқан науқастар жағдайдың мүлдем жасалмағанын айтады. Ең сұмдығы көрші палатадағы 44 жастағы науқас тәулік бұрын көз жұмса да, қараусыз қалғанын жеткізген дейді.

Аудандық ауруханаға барған тілшілердің айтуынша, ондағы дәрігерлер емді дұрыс дәрежеде жүргізіп жатыр.

Ал даулы видеодағы адам өлімін мұндағылар растап отыр. Пневмониядан қайтыс болған науқасты апарар мәйітхана ауданда жоқ көрінеді. Ал туыстары жерлеу жерін дайындап алғанша, мәйіттің ауруханада бола тұруын сұраған дейді ауруханадағылар.

«Аудандық орталық ауруханада мәйітхананың жоқтығынан, біз өзіміз санэпидрежим бойынша өңдеу жасап, орап туыстарына береміз. Сонда ол 3-4 сағат ішінде, мәйіттерді алып кетіп жатыр», – деді Байзақ аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Рыскелді Сапарбеков.

Телеарна мәліметінше, енді бас дәрігер атышулы видео авторын сотқа беріп, заң жүзінде жауапқа тартпақ.

 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия