jasqazaq.kz

Бас дәрігер қамауға алынды

25 қыркүйек 2019, 11:04

Алматыда №4 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаев қамауға алынды. Екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын №2 мамандандырылған ауданаралық тергеу соты қолданды.

Бұл ақпаратты дәрігердің жұбайы Дина Тезекбаева растады.

«Сот 22 қыркүйекте өтті, оған ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабы, 3-бөлігі «Медициналық немесе фармацевтикалық қызметкердің кәсіби міндеттерін тиісті деңгейде орындамауы» бойынша айып тағылды», — деп хабарлады әйел Sputnik Қазақстан тілшісімен телефон арқылы сөйлескен кезде.

Оның айтуынша, жұбайы бас дәрігер лауазымынан уақытша шеттетілген.

Ұлттық медициналық қауымдастық та Тезекбаевтың ұсталғаны туралы ақпаратты растады.

«Иә, оны жексенбіде ұстады. Бізге ақпарат түскен бойда адвокат іс материалын зерттейді және біз оларға қол жеткізе аламыз. Содан кейін не істеу керектігін шешеміз», — деді қауымдастық президенті Айжан Садықова.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі жағдайға түсініктеме беруге қиналды.

«Біз ақпаратты нақтылап жатырмыз», — деп мәлімдеді қалалық соттың ресми өкілі Дияс Махамбетов.

Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол үш жылға дейін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылып, бес жылға дейін сотталуы мүмкін.

27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды