jasqazaq.kz

Барымташылар мал ұрлығына әйел жүргізушілерді жалдаған

23 сәуiр 2019, 21:56

Ақтөбе облысында мал ұрлығымен айналысқан барымташылар тобы ұсталды. Олар жайылымда жүрген жылқы мен сиырға қырғидай тиген. Күдікке ілінбес үшін көлік айдауға әдейі әйел жүргізушілерді жалдаған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

— Жалпы осы жерге ұрлыққа келе жатқаныңды білдің бе?

— Иә, білдім.

— 95 мың теңге ақшаны бергені ұрлықа қатысып, малды апарысқаның үшін берді ме?

— Такси ретінде мені жалдайды.

Барымташылардың қылмысын осы таксиші келіншек жайып салды. Сегіз адамнан құрылған топқа бір жұдырығы жоқ «Шолақ» деген лақап аты бар жігіт басшылық еткен. Олар Қобда, Ойыл мен Алға аудандарының жайылымдарын бұрынан торуылдап жүрген. Әзірге тек 5 рет мал ұрланғандары дәлелденді. Соңғы рет Ойыл ауданында жайылымдағы буаз сиырлардың қарнын жарып, сойып алған. Бұзау өлекселерін сол жерге лақтырып кетеді. Осыдан екі апта бұрын малынан айрылған ойылдықтар шағымданған еді. Енді олар төрт түлігінің құнын осы ұсталған күіктілерден өндіре алады. Қазір барымташылар тобының жетекшісі қамауда отыр. Қалғандары тергеу біткенше қолхатпен бостандыққа жіберілген.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде