jasqazaq.kz

Барымташылар асыл тұқымды жылқыларды ұрлап, сатуға сойған

21 қантар 2020, 15:43

Нұр-Сұлтан қаласында барымташылар асыл тұқымды екі жылқыны ұрлап, сойып, сатуға жөнелткен.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«15 қаңтар күні белгісіз біреулер елорда тұрғынынан жалпы құны 4,2 млн теңге болатын асыл тұқымды екі жылқыны қолды қылған. Малы ұрланған отбасы бәйгеге шабатын аттарды баптаумен айналысқан», — деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінен.

Барымташылар қораның құлпын бұзып кіргені анықталған. Олар жылқыларды адам қарасы жоқ жерге шығарып, кейін бауыздап, етін көрші облысқа сатуға жөнелткен.

«Мал ұрлығын жасағаннан кейін басқа мемлекетте тіркелген «Тойота» маркалы автокөлікпен іздерін суытқан. Бұл жағдай полицейлердің жұмысын едәуір күрделендіріп жіберді. Алайда, ізкесушілер барымташылардың ізіне түсіп, оларды Алматы қаласынан ұстады», — деп мәлім етті ведомстводан.

Ұсталғандардың бірі көрші облыстағы осындай қылмысқа қатысы бар деп күдікке ілініп отыр. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша оқшаулағышқа қамалған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде