jasqazaq.kz

«Барселонаның» жаңа президенті сайланды

08 наурыз 2021, 17:14

«Барселона» футбол клубының жаңа президенті сайланды. Клуб президенті болып 58 жастағы испан заңгері Жоан Лапорта атанды. Бұл туралы Vesti.kz клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.

Жоан Лапорта бұған дейін де «Барселона» президенті болған — ол бұл қызметті 2003-2010 жылдар арасында атқарды. Осы кезеңде клуб төрт рет Ла Лиганы, екі рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Жалпы алғанда 12 турнирде топ жарған.

Клуб президентіне кандидаттар қатарында Виктор Фонт пен Тони Фрейша болды. Эмили Руссо мен Аугусти Бенедито сайлауды жалғастырмай, өз кандидатурасын алып тастаған.

Сайлау нәтижесі бойынша Лапорта 54,28 пайыз (30 184 дауыс) жинады. Виктор Фонтқа 29,99 (16 679), Тони Фрейшаға 8,58 (4 769) адам дауыс берген.

Былтыр қазанда Хосеп Мария Бартомеу «Барселона» президенті қызметінен қуылған болатын. Соңғы жылдары клуб нәтижесі төмендеп, команда капитаны Лионель Месси клубтан кетпек болған еді.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия