jasqazaq.kz

«Барселонаның» Мессиге қолданатын жазасы белгілі болды

31 тамыз 2020, 13:39

Лионель Месси маусым алды жиындарға қатыспаған жағдайда «Барселона» аргентиналық шабуылшыға қандай шара қолданатыны белгілі болды, — деп хабарлайды Vesti.kz «Чемпионатқа» сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, клуб басшылығы Месси командамен қанша күн жиынға қатыспаса, соғұрлым айлығын қысқартып отырмақ.

Мұның алдында Месси ПТР-тест тапсыруға келмеген. Сонымен қоса, ол каталондық клубқа маусым алды жиындарға қатыспайтынын ескерткен екен.

Еске салайық, 25 тамызда Месси «Барселона» басшылығына клубтан кететінін хабарлаған. Аргентиналық әр маусым соңында келісімшартты үзуге рұқсат беретін мүмкіндігін пайдаланбақ. «Барселона» футболшыны өзге командаға тегін бере салғысы келмейді, сондықтан мазақ қылғандай футболшыға 222 миллион және 1 еуро баға белгілеп қойған екен.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде