jasqazaq.kz

Барлығы балалар үшін

05 шiлде 2022, 16:24

Шымкент қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы және демеушілер есебінен көпқабатты үйлердің ауласы абаттанып, балалар ойын және спорт алаңшасын орнату жұмысы қарқын алған. Өткен жылдың өзінде Абай ауданында 21 көпқабатты тұрғын үй аулаларын абаттандыру, 12 спорт алаңшаларын ағымдағы жөндеу, 35 спорт алаңшаларын орнату жұмыстары жүргізілді. «Шымкент қайырымды қала» қоры арқылы демеушілік есебінен 4 спорт алаңшасы орнатылды.

Жалпы, Абай ауданында 453 көпқабатты тұрғын үй 258 аулаға біріктірілген. 2014 жылдан бері жалпы 222 аула абаттандырылып, 56 спорт алаңшасы салынған. Биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 32 жоба жүзге асырылады.Осы жоба шеңберінде 17 балалар ойын алаңшасы мен 15 спорт алаңшасы салынады. Бұл үшін 956,1 млн. теңге қаржы қаралып отыр.

Қазір аудандағы Республика №34 көпқабатты үй ауласында балалар ойын алаңшасы салынуда. Алаңша құрылысы аяқталуға жақын.

Қаратау ауданындағы Қайтпас шағынауданында ойын және ашық спорт алаңшаларының құрылысына қажетті жер телімі анықталды. Бұл туралы Қаратау ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қаратау ауданы әкімінің аппараты мен «Мемлекеттік корпорация» КЕАҚ «Азаматтарға арналған үкімет» қызметкерлері Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік жер кадастрының мамандарымен бірлесіп, Қайтпас шағын ауданында балаларға арналған ойын және ашық спорт алаңшасын салу мақсатында бос жер телімдеріне далалық зерттеу жұмыстарын жүргізген.

– Бүгінде аталған шағынаудандағы М.Оразалиев көшесінің бойынан бір бос жер телімі анықталып, Шымкент қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасына мемлекеттік акт алу бойынша комиссияға ұсынылды. Нәтижесінде комиссия оң қорытынды беріп, Қаулы шығару үшін нысанды орналастыру жобасы әзірленуде. Сонымен қатар, аталған бос жер телімін мемлекет теңгеріміне заңдастырылуына орай, ойын алаңшасын салу бойынша сметалық құжаттама әзірленді, енді бюджетке өтінім ұсынылмақ, — дейді Қаратау аудандық әлеуметтік қорғау, мәдени даму және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бас инспекторы Айнұр Қуатжанқызы.

Әл-Фараби ауданында 2021 жылы 27 үйдің ауласы жөндеуден өтіп, балалар алаңы қойлған. Оның ішінде 14 аула «Халық қатысатын» бюджет жобасы аясында жүзеге асырылған. Абаттандыруды қажет ететін 82 ауланы қайта жөндеу жұмысы 2022-2023 жылдарға жоспарланып отыр. Биылғы жоспар бойынша«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 50 аулаға балалар ойын алаңшасы салынады.

Тоқтар Жақаш

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық