
Алматыда Барахолка базарынан өрт шықты. Тауарларға арналған бірнеше қойма жанып кетті.
Оқиға 19 наурыз күні болған. Өрт шыққан жерден түсірілген видеолар желіде пайда болды. Куәгерлердің айтуынша, «Байсат» базарындағы қоймаларда өрт шыққан. Кадрлардан ол аймақта адамдар жүргенін көруге болады.
Алматы төтенше жағдайлар департаменті сағат 14.51-де өртсөндірушілер «Байсат» базарына жіберілгенін хабарлады.
«3 минуттан кейін сағат 14:54-те өрт сөндіру техникасының өрт шыққан жерге өтуін қамтамасыз ететін «109» құтқару қызметінің эвакуаторлары жіберілді», — деп хабарлады ведомство өкілдері.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Tengrinews.kz