jasqazaq.kz

Банктерге ипотека бойынша сыйақы алуға тыйым салынады

28 қантар 2019, 17:43

2019 жылдың 2 ақпанынан бастап банктерге ипотекалық заем төлеу мерзімі 180 күн өтіп кеткеннен кейін есептелінген сыйақыны алуға тыйым салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Әділет министрлігіне сілтеме жасап.

«Бұл түзету жеке тұлғаны (заемшыны) сыйақы бойынша қарызының өсіп кетуінен қорғап, банктердің борышкерге қатысты дер уақытында шара қабылдау жауапкершілігін арттыратын болады», — делінген Әділет министрлігі таратқан ақпаратта. Айта кетейік, 2019 жылдың 21 қаңтарында қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманың одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң аясында «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы» Заңға түзетулер енгізіліп отыр.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді