jasqazaq.kz

Банктерге 47 миллион теңге айыппұл салынды

15 шiлде 2020, 11:52

Елдегі сегіз банкке әкімшілік айыппұлдар салынды. Бұл туралы finprom.kz сайтына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Биылғы жылдың мамыр айының соңындағы мәлімет бойынша ҚР банк секторында 27 екінші деңгейлі банк болды, олардың 14-і шетелдіктердің қатысумен жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің жиынтық активтері жылына 13% -ға артып, 28,2 трлн теңгені құрады.

Бұл ретте, активтердің және басқа да көптеген қаржылық көрсеткіштердің өсуіне қарамастан, осы жылдың бірінші жартыжылдығында банктерге қатысты қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау аясында 87 ықпал ету шаралары қолданылды. Олардың ішінде әкімшілік айыппұлдар, қадағалаудың ұсынымдық шаралары, жазбаша ұйғарымдар бар.

Банктер көп жағдайда Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нормаларды сақтамайды:

— банктік қарыздарға қызмет көрсету;

— төлемдер мен ақша аударымдары;

— банктік шоттарға қызмет көрсету.

Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі 8 банкіне тікелей әкімшілік айыппұл салынды. Банктерге салынған әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 47,6 млн. теңгені құрады.

Әкімшілік жауапкершілік қарастырылған банктер жасаған негізгі заңбұзушылықтар:

— «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша нұсқаулықтарды орындау мерзімдерін бұзу;

— Қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы ақпаратты құжаттық тіркеу, сақтау және ұсыну бөлігінде заң бұзу;

— басқа да заңбұзушылықтар.

Әкімшілік айыппұлдың ең көп мөлшері АзияКредит банкіне салынды. Оған барлығы 21,9 млн теңге айыппұл салынған. Сондай-ақ, Ресейдің Сбербанкі (11,1 млн. теңге) және Capital Bank Kazakhstan (7,8 млн. теңге) антикөшбасшылар қатарында. Tengri Bankке 4,2 миллион теңге, Альфа-Банкке 1,1 миллион теңге айыппұл салынды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия