jasqazaq.kz

Банктерді тексеру басталды

02 тамыз 2019, 10:39

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, Қазақстанның Ұлттық банкі халықаралық кеңесшілер және аудиторлық компаниялармен бірлесе отырып, 14 ірі қаржы орталығын тексере бастады, деп хабарлайды «Хабар 24». Олардың активтерінің жалпы үлесі қазақстандық нарықтың 90 пайызын құрайды. Кәсіби мамандар екінші деңгейлі банктердің қарыз беру, дүние-мүлікті кепілге алу сынды басқа да есеп-қисаптарын саралайды. Әсіресе, ревизорлар корпоративті басқару мен бизнес процестерге баса мән беріп отыр. Мұндағы бағалау бағдарламасы Еуропалық Орталық Банктің әдісі бойынша дайындалған. Айта кетерлігі, тексеру жүріп жатқан 14 банктің жұмысына бұл аудиттің еш кедергісі болмайды.

Олжас Қизатов, ҚР ҰБ банктік реттеу департаменті директоры:

– Банктер әдеттегідей жұмыс жасайды. Бұл тексерудің күнделікті жұмыс тәртібіне еш кедергісі болмайды. Активтердің сапасын тексеру жұмыстарына орай, мұның алдында біз дайындық шараларын жүргізген болатынбыз.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде