jasqazaq.kz

Банктен 87 млн теңге жымқырған қостанайлық Ресейден ұсталды

10 желтоқсан 2020, 16:20

Қостанай облысы полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетов халыққа есеп беру кездесуінде банк қызметкерінің қылмысы ашылғанын айтты. Бұл туралы jasqazaq.kz сайты ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап хабарлады.

Ведомство басшысының айтуынша, 2019 жылы 11 қарашада Жітіқара қаласында аса ірі мөлшерде қаражат жымқыру дерегі тіркелді. Банк қызметкері өзінің жеке шотына 87 миллион теңгеден астам қаржы аударып, бірден ҚР аумағынан қашып кеткен.

«Күдікті Ресейдің Челябі қаласында ұсталды. Қазіргі уақытта біз осы қылмыстық істі тергеуді аяқтап қалдық және іс сотқа жіберіледі. Қазір процеске қатысушылар іс материалдарымен танысады. Негізгі тергеу әрекеттері Ресей Федерациясының аумағында пандемия кезінде жүргізілді. Ол үшін Қазақстан Премьер-Министрінің кабинеті арқылы РФ құзыретті органдарына құқықтық көмек көрсету туралы халықаралық тапсырма жолданды», — дейді Бекет Аймағамбетов. РФ құқық қорғау органдары тарапынан толық қолдау алынды.

Бұл қылмыстық іс материалдарына тіркелген заттай дәлелдемелерді алуға мүмкіндік берген.

Қазір банк қызметкерінің ұрлап кеткен қаражаты толығымен қайтарылды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде