jasqazaq.kz

Банкке шабуыл жасағандар ұсталды

30 қазан 2020, 12:38

Алматыда Kaspi.kz бөлімшесіне шабуыл жасады деп күдікке ілінгендер ұсталды. Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.

Алматы ПД Қылмыстық полиция басқармасының мәліметінше, шабуыл жасады деген күдікпен 1985, 1986 және 1992 жылы туған үш ер адам ұсталды.

«Күдіктілер — С. және У. есімді азаматтарды Алматыда қалалық қылмыстық полиция жедел уәкілдері ұстады. Осы оқиғаға қатысы бар үшінші адамды жаңа ғана Оралда Батыс Қазақстан облысының ПД қызметкерлері ұстады. Заттай дәлелдер — ұрланған қаражат тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді, бұл іс бойынша Алмалы аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 3-бөлімі бойынша тергеу жүргізіп жатыр», — деді полициядағылар.

Олар шабуылда қолданған аңшы мылтығы солардың біріне тиесілі екені анықталды. Ұсталғандар қамауға алынды.

Банктің баспасөз қызметі күдіктілердің Kaspi.kz қауіпсіздік қызметінің көмегімен ұсталғанын хабарлады. «Ұсталғандар кінәсін мойындады және тергеу аяқталғаннан кейін олар сот алдына келед», — делінген хабарламада.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия