jasqazaq.kz

Банк шоттарынан ақша жымқыру фактілері тергеліп жатыр

02 қазан 2019, 12:20

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Ресей аумағынан қазақстандықтардың банк шоттарынан қаржы жымқыру фактілері бойынша түсінік берді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. 

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Артур Платонов еліміздің азаматтарының мүлкіне қатысты Ресей аумағында жасалған 42 қылмыстық іс тергеліп жатқанын атап өтті. Атап айтқанда, алаяқтық жолмен және ақпараттық технолгияларды пайдалану арқылы банк шоттарынан қазақстандықтардың ақшасы жымқырылған. «42 қылмысқа тоқталсақ, шынымен де ҚР Ішкі істер министрлігі тарапынан Ресей аумағында жасалған қылмыстық іс тергеп жатыр. Бұл қылмысқа күдікті алаяқтар анықталмай жатыр. Олар желідегі жалған жарнамалық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, біздің азаматтардың шоттарына қол жеткізіп жүрген. Осы орайда электронды тәсілдермен қазақстандықтардың ақшасын Ресей аумағына аударған, шамамен 200 миллионға жуық. Менің білуімше, бұл қаржы Мәскеу, Санк-Петербор, Уфа және бірнеше қаланың аумағанды шығарылып алынды. Біз Минск конвенциясына сәйкес, банктерде ақшаны шығарып алған адамдарға қатысты видеоны ұсыну туралы сауал жолдадық», — деді Марат Қожаев. Оның атап өтуінше, бұл бағыттағы рәсімдер бірнеше айға созылуда. «Келісу рәсімдері біздің органдар арасында өткенше, кейін ҚР Бас прокуратурасы арқылы, сондан кейін РФ Бас прокуратурасынан өткізілгенше, яғни бұл атқарылатын жұмыстар шамамен екі айға жалғасады. Өздеріңіз білесіздер, осы уақыт ішінде видео материалдарды сақтау мерзімі өтіп кетеді. Қазіргі кезде кейбір фактілер бойынша қажетті видео-жазбалар сақталмағаны хабарланды. Сондықтан бүгін Мәжілісте қаралған құжат осы тектес мәселелерге жедел әрекет етуге мүмкіндік береді», — деді М. Қожаев.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда