jasqazaq.kz

Банк комиссия үшін алған 400 мың теңгені қайтарды

11 қазан 2018, 11:42

Ақтауда банк клиенттен комиссия үшін алған 400 000 теңгені қайтарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық № 2 соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Cот ақтаулық тұрғын мен банк өкілдерінің 2015 жылы келісімшарт жасасқанын анықтады. Құжатқа сәйкес, банк 3 миллион теңге көлемінде несие берген. Бірақ клиент ай сайын банк қызметіне 12 мың теңге төлеп тұрған. Осылайша, ол комиссия үшін жалпы сомасы 428 400 теңге төлеген. «Өтініш берушінің талаптары құқықтық нормаларға сәйкес заңды деп танылды. Ал банк тарапынан тұтынушы құқығының бұзылғаны анықталды. Себебі банк клиентке ай сайын комиссиялық төлем жасап отыруды міндеттеген», — деп хабарлады соттағылар. Соттың шешімімен банк клиенттің ақшасын толықтай көлемде қайтарды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық