jasqazaq.kz

Банк қызметкері алаяқтық жасаған

06 шiлде 2020, 10:26

Түркістан облысының полицейлері тұрғынның атынан артығымен несие шығарып, алаяқтық жасаған қызметкерді анықтады.

Түлкібас АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленуші әйел өз арызында банктердің біріне бір миллион теңге несие алуға барғанын, банк келісімін беріп, қызметкер аталған несиені шығарып бергенін айтады.

Алайда арадан 1 жылға жуық уақыт өткенде тұрғын, банк қызметкері сол кезде заңсыз әрекет жасап, мұның атынан 1,5 миллион несие шығарып, 500 000 теңгесін алаяқтық жолмен жымқырғанын біледі. Содан соң полицейлерден көмек сұрайды.

Аталған жайт Түлкібас АПБ-мен ҚР ҚК-нің 190-бабы “Алаяқтық” бойынша тіркелді.​​​Орын алған алаяқтық қылмысын тез арада ашып, күдіктіні құрықтау мақсатында ауданның қырағы полицейлерінен арнайы топ құрылып, жұмыс жасады.

Нәтижесінде полицейлер күдікті жылдың басында осындай алаяқтық жасап ұсталып, жәбірленушілердің кешірім беруімен ісі қысқартылған адам екенін анықтады. Ол Түлкібас АПБ-не жеткізілді. Кінәсін толық мойындап отыр.

Бас шарасы қолхатпен босатылды.​​​​Тергеу барысында күдікті қазіргі таңда банкте жұмыс жасамайтыны белгілі болды. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары күдіктінің тағы осындай алаяқтықтың жайттарына қатыстылығын анықтап, тексеру жұмыстары жүргізіп жатыр.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға кез-келген құжатқа қол қоймас алдын жақсылап қарап, мұқият зерттеп барып әрекет жасауға кеңес береді.

Ақпарат көзі Polisia.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия