jasqazaq.kz

Банк қателесіп, қостанайлықтың картасына 416 млн түсті

05 қараша 2021, 14:06

Қостанайда картасына банктен 416 млн теңге түскен азамат сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай қаласының тұрғыны банк жүйесінің істен шыққанын пайдаланып, өзіне түскен 416 млн теңгені меншіктеп алмақ болған екен.

Ақшаны қайтармаған азаматтың тез-ақ ұсталғанын kursiv.kz сайты жазады.

Оқиға былай болған: 55 жастағы кәсіпкер тауар сатып алу үшін пайдалану мақсатында досының картасын сұрап алып, соған 500 мың теңге салған. Тауардың ақысын төленген соң әлгі картаға тура сол самадағы ақша түсіпті. Банк жүйесі істен шығып, қателікпен екі күн ішінде кәсіпкердің қолындағы картаға 416 млн теңгеден астам ақша түскен.

Ол ақшаны білдірмей шығарып алу үшін оны достары мен таныстарына жібере бастайды. «Менің картам істемей қалды» деп қойып, әлгілер қайта жіберген ақшаны өзіне алып отырған.

Жедел-іздестіру нәтижесінде қала ПБ жедел уәкілдері күдіктіні ұстады. Сот үкімімен ол жеті жылға бас бостандығынан айырылды.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық