jasqazaq.kz

Банк карталарына 9,8 млрд теңге түскен: ҚМА дропперлік желілер құрған қылмыстық топты ұстады

14 қазан, 11:11

Қаржылық мониторинг агенттігі онлайн-казиноларға қызмет көрсету үшін бірнеше елдің аумағын қамтитын дропперлер желісін құрған қылмыстық топтардың әрекетіне тосқауыл қойды, деп хабарлайды jasqazaq.kz ҚМА-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында төлемдерді өңдеумен айналысқан делдалдардың Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан азаматтарының банк шоттарын пайдаланып, «дроп-фермалар» ұйымдастырғаны анықталды.

Қазақстанға келген шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірлері (ЖСН) беріліп, олардың атына SIM-карталар мен банк шоттары ашылған. Кейін банк қосымшаларына кіруге рұқсаты бар ұялы телефондар осы шоттар арқылы ақша айналымын басқаратын адамдарға берілген.

Ақша айналымын басқару үшін ойыншылардан төлем қабылдауға, оларды автоматты түрде анықтауға және ұтыстарды төлеуге мүмкіндік беретін P2P платформасы пайдаланылған. Қылмыстық топ мүшелері өзара есеп айырысу үшін криптовалютаны да қолданған.

Түркістан облысы мен Алматы қаласында Қазақстан банктерінің 89 картасын пайдаланған. Өзбекстанның үш азаматы ұсталды. Олардан банк шоттарын басқаруға арналған 20 телефон тәркіленді. Аталған карталар арқылы жүргізілген операциялардың жалпы көлемі 500 млн теңгеге жеткен.

Жамбыл облысында да бірнеше елдің аумағында әрекет еткен тағы бір қылмыстық топтың жолы кесілді. Оның мүшелері Қырғызстан мен Өзбекстан азаматтарын, соның ішінде кәмелетке толмағандарды тартып, Тараз бен Алматы қалаларында өзге адамдардың банк шоттары арқылы ақша айналымын жүргізетін желі құрған.

Тінту барысында 180 банк картасы, 15 телефон, 50 мың АҚШ доллары, 27 мың USDT, төрт автокөлік, қару-жарақ, оқ-дәрілер және 26 SIM-карта тәркіленді. Банк карталарына түскен ақшаның жалпы көлемі 9,8 млрд теңгеден асқан.

Сот бес күдіктіні қамауға алуға санкция берді.

Сурет: ҚМА/видеодан кадр

13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі