jasqazaq.kz

Банк карталарын қолдан жасап ақша шешіп келген

12 қыркүйек 2018, 12:31

Банк карталарын қолдан жасап, алматылықтардың шотынан ақша шешіп жүрген ер адам ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz  Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полициядағылар күдіктінің Алматы облысының тумасы екенін және оның Қытайдан алдын ала пластикалық бұйымдарды шығаратын техникалық құрылғыларды жеткізіп жүргенін анықтады. «Қаскөй карталарды қолдан жасап қана қоймай, ашық дереккөздерден тұрғындарға қатысты жеке мәліметтерді алып отырған. Сол мәліметтерді ол картаға енгізіп, кейін ақшаларды шешіп отырған. Бірақ ол аса үлкен сомадағы қаражаттарды шешпеген, шамамен 10 мың теңгеден алып отырған», — деп хабарлады Медеу аудандық ІІБ басшысы Болат Тотыбаев. Оның айтуынша, 35 жастағы күдіктіден 114 жалған банк картасы тәркіленді. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, кінәсін толықтай мойындады.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді