
Павлодар облысында полиция қызметкерлері банкоматты жарып жіберген күдіктілерді іздестіруде. Бұл туралы polisia.kz сайтына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады. «27 ақпан күні сағат 22.33-те Ақсу қалалық полиция бөлімінің кезекшісіне «Еуразиялық Банк» АҚ-ның күзет қызметшісінен хабарлама түскен. Ол қаладағы банк филиалдарының бірінде банкоматты жарып жібергенін айтқан. Зардап шеккендер жоқ. Жедел-тергеу тобы оқиға орнын қоршауға алды. ҚР ҚК-нің 202- бабы 2-бөлігі («Өзгенің мүлкін өртеу, жару немесе өзге де қауіпті әдіспен қасақана жою немесе зақым келтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — делінген ақпаратта.
https://youtu.be/7NdOHPb2iRA