jasqazaq.kz

Балық қырылған арнадан су сынамасы алынды

29 сәуiр 2020, 15:28

Атырау облысындағы Приморск каналында балық қырылуына байланысты Қазгидромет мамандары «Ақжайық» табиғи резерватының аумағында жоспардан тыс үшінші рет су сынамасын алды. Бұл туралы «Қазгидромет» баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

«27 сәуірде Приморск каналында балықтың қырылуы тағы қайта анықталғандықтан ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Қазгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалының қызметкерлері жоспардан тыс үшінші рет бірнеше нүктеден сынама алды. «Ақжайық» резерваты бекетіне жақын көпір маңында, «Ақжайық» бекетіндегі ағыстаны 6,5 км төмен тұста тексеру үшін су жиналды», делінген хабарламада. Гидрологиялық дерек бойынша 26-27 сәуір аралығында Жайық өзенінің деңгейі 25 сәуірде су деңгейі көтерілуінен кейін 5-17 см төмендеді. «Су сапасын талдау басты иондар, биогенді, органикалық және органикалық емес заттар, ауыр металдар секілді 39 көрсеткіш бойынша жүргізіледі. Талдау нәтижесі бойынша су лайланған, судың температурасы 15-17ºС, сутегі көрсеткіші — 6,97-7,48, еріген оттегі — 7,1-7,2 мг/дм3, оттегі қанығуы -71,7 – 73,8 %, мөлдірлігі — 5,5-7 см, түсі — 19,5-20 градус. Судан бөтен иіс табылмады. Приморск каналында алынған сынамада темір мөлшері су сапасының бірыңғай жіктемесінің шекті нормасынан 1,7 есе асып кеткен (0,5 мг/дм3) (1,7 есе асып кету). Ал бқл көрсеткіш «Ақжайық» бекетінде 6 км төмен жерде норма шегінде тіркелді», делінген хабарламада. 1 мамырда 5 тәулік ішінде шығатын «оттегіні биохимиялық тұтыну (5)» талдау нәтижесі жарияланады.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі