jasqazaq.kz

Балық аулап отырған тұрғынды бұқа сүзіп өлтірді

14 шiлде 2021, 19:35

Солтүстік Қазақстан облысында бір күннің ішінде жазатайым оқиғадан екі адам қаза тапты. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 шілде күні Есіл ауданында 60 жастағы ер адам аттан құлап мерт болды. Ақжар ауданында симментал бұқасы балық аулап отырған 67 жастағы балықшыға шабуыл жасаған. Біраз уақытқа малды иесіз қалдырған бақташы қайтып келгенде жаралы ер адамның үстінен шыққан. Ауыр жарақат алған ауыл тұрғыны аудандық ауруханада қайтыс болды.

Аталған фактілер бойынша аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері тексерістер жүргізіп, сараптамалар тағайындады.

Ақжар ауданындағы оқиға малды қараусыз қалдырудың қауіпті екенін тағы да көрсетіп отыр. Бақташы денсаулыққа зиян келтіруге әкеліп соқтырған, мал жаю ережелерін бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабы 2-бөлігі бойынша жазаланды. Жалпы жыл басынан осы бап бойынша 1229 хаттама толтырылды.

«Иелері анықталғанға дейін арнайы қамау орындарына 3225 мал қамалды. Облыс тұрғындарын заңнама талаптарын сақтауға, малдың еркін бағылуына жол бермеуге және малды күту кезінде сақ болуға шақырамыз», — дейді СҚО полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия