Бүгін алматылық БАҚ өкілдері үшін ерекше күн болды десем артық емес. Өйткені қалам мен микрофонды серік еткен әріптестерімнің күні дәмі тіл үйіретін балмұздақтан дәм татудан басталды. Оған себеп еліміздегі белді «Шин-Лайн компаниясы биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша есеп берді.

Компания өкілдерінің мәліметіне сүйенсек, «Шин-Лайн» балмұздағының сатылымы 20%-ға артып, одан түскен пайда 30%-ға өсіпті. Сонымен қатар, «Шин-Лайн» балмұздағының экспорты 2,23 есеге артыпты. Ал компанияның кірістер құрылымындағы экспорт үлесі 7% -дан 12% -ға дейін өсті.
Журналистермен кездескен ТМД мен Еуропадағы балмұздақ саласының халықаралық сарапшысы, әрі «Шин-Лайн» компаниясы балмұздақ санатының директоры Дмитрий Докин балмұздаққа қатысты сауалдардың барлығына жауап берді.

Ол: «Ресей нарығы компанияның барлық экспорттық нарықтары арасында көшбасшы болып қала береді. Бұл елге зкспорт табиғи мәнде 40% — ға және ақшалай мәнде 50% — ға ұлғайды. Бұл жоғары бәсекелі нарық және бұл «Шин-Лайн» балмұздағының сапасы мен дәмін ресейлік тұтынушылар лайықты бағалағанын білдіреді. Қазақстандағы балмұздақты сату көшбасшылары — компанияның «визит картасы» – «Бомба» бренді шығыс тәттілерінің күрделі құрылымы мен дәмі бар бірегей балмұздақ «Бахрома» және пломбирлер отбасындағы ең үздік өкілдердің бірі – «Мишка на полюсе» — деді.
«Шин-Лайн» жаңа дистрибуторларды ынтымақтастыққа тарта отырып, Қытайда өз өнімдерінің ұсынылуын кеңейтуді жалғастыруда. Аспан астындағы елдегі он-лайн сату мүмкіндіктерін тестілеу басталды. Бұл – басқа елдерде де енгізілетін жаңа және қызықты тәжірибе.
Компания Өзбекстан нарығында «Шин-Лайн» өнімдерін сатудың табиғи және ақшалай мәнде 280% өскенін көрсетіп, үздік нәтижелерге қол жеткізді. Қырғызстанда есепті кезеңде табиғи мәнде 54% және ақшалай мәнде 73% өсім байқалды. Монғолияның нарығы шамамен 25% өсу перспективасымен тұрақты сатуларды көрсетеді.

Биылғы маусымда «Шин-Лайн» балмұздағын тұтынушылар Беларусь, Әзірбайжан, Тәжікстан сияқты нарықтарда оң қабылдады. Белоруссияда «Бахрома» балмұздағы жергілікті тұтынушыларды өзінің экзотикалық және қайталанбас талғамымен таң қалдырды, тұтынушылар талғамына сәйкес ең қызықты және отандық өнімнің алуан түрлілігінде құрамы бай ретінде ерекшелінді. Айта кету керек, «Бахрома» балмұздағы — бұл Беларусь нарығындағы Қазақстанның алғашқы өнімдерінің бірі. «Шин-Лайн» компаниясы Минскінің негізгі сауда желілеріне кіріп, 35 тоннадан астам өнімді сатты, келесі маусымнан бастап өнімді өңірлерге ұсынуды жоспарлап отыр. Украинада оның орталық бөлігінде және Одесса облысында сатуды бастау мүмкіндігі қарастырылуда. Бұдан басқа, келесі жылы перспективалы сату жөнінде грузиялық серіктестермен келіссөздер жалғасуда.
«Біз Әзірбайжан мен Тәжікстан нарықтарындағы перспективаларды жақсы бағалаймыз. Әзірбайжан өз астанасы Бакумен — қазіргі заманғы Кавказдың орталығы, жеткілікті талапшыл тұтынушыларымен қазірдің өзінде «Бахрома» премиум өніміне дайын және мұндай өнімдер қазір Кавказда жоқ, ал «Мишка на полюсе» брендінің өнімдері — бұл Ресей, Беларусь және Украинадаға барлық Пломбирлердің тамаша баламасы. Әрине, мұнда бірнеше ел арқылы транзит немесе Каспий теңізімен өту сынды логистиканың қиындықтары бар, бірақ біз осы нарыққа оптимизммен қараймыз. Тәжікстан жақын, бірақ нарықтық дамудың мүлдем басқа деңгейімен — сондықтан әр түрлі өнім портфолиосымен біз әр ұлттық тұтынушының кілтін іздейміз», — деп атап өтті Дмитрий Докин.
Биыл «Шин-Лайн» компаниясы дәстүрлі түрде нарыққа жаңа өнімдерді шығарды. «Бахрома» сериясында қалың fondant трюфель-қызыл апельсин және қалың fondant пісте-финик пайда болды. Осы премиалды жаңалықтардың басты айырмашылығы — нәзік кілегейлі балмұздақ «ыстық шоколад» өндіру технологиясы бойынша инновациялық жолмен көмкеріледі. «Ыстық шоколадты» қатыру температурасының төмен болуы тұтыну жағдайында нәзік болмай, икемділікті сақтауға мүмкіндік береді. Айта кету керек, «Бахрома» балмұздағы Қазақстанда да, шетел нарықтарында да көп сатылатын суық тәтті болып табылады және елдің визиттік картасы болуға әбден лайық. «Мишка на полюсе» тізбегінде де дәмді шешімдер ұсынылды. Пломбир-зефир «Мишка на полюсе» жұмсақ шоколадта, сондай-ақ майқоспалы печеньедегі пломбирден жасалған үлкен сэндвич. Биыл өндіруші «Джусики» жеміс мұздарының желісін жаңартты. Жеміс мұздары тұтынушылардың сұранысына жауап беретін компанияның азық-түлік қоржынының тағы бір бағыты, әсіресе ең кішкентай. «Джусики» — бұл өзге планета тұрғындарын құтқару бойынша тұтас тарихтың көрінісі, онда әркім жеміс-жидек өзгепланеталықтарды құтқаруға қатыса алады, ол үшін компания толықтырылған шындыққа толы танымдық ойын іске қосты, бұл компанияның инновациялық тәсілдері мен оның сарапшыларының осы санаттағы өнімдерді жылжыту бойынша амалдарды іздеуге талаптарын көрсетеді.
«Қазақстандықтар үшін балмұздақ форматы бойынша ең танымал бала кезден белгілі стақан балмұздағы болып табылады. Тек «Шин-Лайн» компаниясында осы балмұздақтың дәмі мен түрлерінің алуаны бар: кілегейлі, пісте, құлпынай джемі, қантты стақан және құпия дәмі бар стақан. Бірақ балмұздақтың балмұздаққа қара печенье себілген – «бомба-эскимо» сияқты басқа да түрлері де таныла түсуде. «Бомба» немесе «Миша» сияқты рожки мен эскимо да еш қалыспайды. Соңғы уақытта көптеген адамдар балмұздақтың күрделі бірегей түрлеріне тоқталуда, атап айтқанда, қос қабатты шоколадтағы «Бахрома», олі шығыс дәмдерінің тұтас палитрасын, яғни інжір, күнжіт халуа, қара өрік, грек жаңғағы, бадам, өрік, шабдалы және т.б. біріктіреді» — деп түсіндірді Д. Докин.
«Шин-Лайн» компаниясының сараптамалық бағалауына сәйкес тұтынушыларға Қазақстанда ең көп деңгейде Шығыс және батыс облыстарында эскимо, Солтүстік Қазақстан облысында вафельді стақан балмұздағы көңілінен шығады, жалпы Ресей сияқты. Қытай тұтынушысына мұздатылған тәттілер ішінде эскимо ұнайды.
Жиын барысында кездесуге келген қонақтар балмұздақтың жаңа түрлерінен дәм татып ерекше әсерге бөленді.
Мақпал Ноғайбаева