jasqazaq.kz

Баллонға құйып сатылатын газ бағасы жанармай стансасындағы бағамен теңестіріледі

06 маусым 2022, 13:00

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов тұрмыстық баллонға құйып сатылатын газ бағасы жанармай стансасындағы бағамен теңестірілетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәжілісте өткен Үкімет сағатында депутат Ғани Хамзин сұйытылған газ тұтынушылардың құқықтарын теңестіру жөнінде сауал қойды.

«Өңірлердің көбіне халық сұйытылған газды тұрмыстық газ баллонына құйып пайдаланады. Оларға газдың 1 литрі 116 теңгеден босатылады. Мұны жанармай құю стансаларындағы сұйытылған газ бағасымен салыстырсақ, шамамен 2 есе қымбат. Мұндай әділетсіздік қашан жойылады», — деп сұрады Мәжіліс депутаты.

Министр Болат Ақшолақов шынымен де жанармай ретінде сатылатын газ бен баллонға құйып сатылатын газдың бір зат екенін атап өтті.

«Бұл мәселені көптен бері талқылап келе жатырмыз. Шынымен де, газ жанармай құю стансасында сатыла ма, әлде газ баллонына құйып сатыла ма, екеуінің айырмашылығы жоқ. Біз мұны біріздендіреміз. Яғни, баға теңестіріледі. Газды баллонға құйып пайдаланушылар үшінде баға жанармай құю стансаларындағыдай болады. Демек, 1 литрі 50 теңгеден 75 теңгеге дейін болуға тиіс», — деді ведомство басшысы.

 

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді