jasqazaq.kz

Балконымен бірге құлады

30 сәуiр 2019, 12:41

Орал қаласының орталығындағы тұрғын үйде балкон опырылып құлады, бұл кезде оның ішінде адамдар тұрған.

Оқыс оқиға дүйсенбі, 29 сәуірде болды. Екінші қабаттағы балконның бетон едені опырылып түскен, деп хабарлады «Уральская неделя».

Ер адамдар балконға темекі тартуға шыққан, алайда осы сәтте үй тұрғындары бетон еденмен бірге төменге құлап түскен. Құдай сақтап ешкім ауыр жарақат алмаған.

«Біздің балкондардың барлығы апатты жағдайда тұр. Егер төменге қарасаңыз, бетонның бәрі құлап кеткенін көресіз, балкон плитасы тіпті қабырғаға бекітілмеген», — дейді үйдің тұрғыны Александр Цветков.

Оның айтуынша, ғимарат апатты жағдайда тұр. Цветков пәтерінде жарық пайда болғанын хабарлады.

«Әкімдікке хабарластым, олар суретке түсіріп алды. Тұсқағазын алып тастап, жөндеу жұмыстарын жүргіздім, жарық әзірге бітеулі тұр», — дейді Александр Цветков.

Үй тұрғындарының айтуынша, ғимарат 1961 жылы салынған, содан бері бірде-бір рет күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмепті.

27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды