jasqazaq.kz

Балконда ән салғандар жауапқа тартылады

14 сәуiр 2020, 15:03

#үйдеотыр

Елордада карантин кезінде екі бала терезеден құлап, бірі мерт болды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн-брифингте Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің бастығы Ержан Сәденов айтты.

«Қазіргі кезде медициналық масканы тағу-тақпауға қатысты сұрақ көп. Масканы тағу керек. Өйткені, сіз вирустық инфекцияны тасымалдап немесе жұқтырып алуыңыз мүмкін. Егер адам ауырғанын біле тұра маска тақпаса, онда бұл қылмыстық жауапкершілік болатындығын ескертемін. Сол себепті полиция масканы міндетті түрде тағуға кеңес береді. Бұл — карантин режимінің нормасы», — деді ол.

Сонымен қатар департамент басшысы үйдегі балалардың қауіпсіздігіне баса көңіл бөлуді сұрады.

«Төтенше жағдай кезінде 2 бала терезеден құлап, өкінішке орай оның бірі мерт болды», — деді Е.Сәденов.

Мұнан бөлек ол кешкі және түнгі уақытта тыныштықты бұзу көбейгеніне назар аудартты.

«Карантин кезінде үйде отыру қиын екенін түсінеміз. Сонда да сіздерден 23.00-ден кейін тыныштық сақтауды сұраймын. Мұның терезеден және балконнан ән айтуға да қатысы бар. Тыныштық бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын ескертемін. Осы мүмкіншілікті пайдаланып, сіздерден үйде болуларыңызды, заңға бағынуды және ресми ақпараттарға ғана сенуді өтінемін», — деді департамент басшысы.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі