jasqazaq.kz

Балқашта Жидебай батырға ескерткіш орнатылды

18 қазан 2022, 16:38

Балқаш қаласында қазақ халқының батыры, шешен, әрі биі, Жидебай Қожаназарұлына еңселі ескерткіш орнатылды. XVII-XIX ғасырларда өмір сүрген даңқты қолбасшы Абылайханның арнайы жасағын басқарған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоңғар шапқыншылығы кезінде ерлігімен көзге түскен. 34 жыл аттан түспей, елін сыртқы жаулардан қорғаған. Ескерткіш қала орталығындағы «Астана аллеясына» қойылды. Бес қаруын асынған батырдың алып бейнесін белгілі мүсінші Нұржан Биомаров жасап шыққан. Биіктігі 10 метр, ал салмағы 4 тонна. Қоладан құйылып, тұғыры мәрмәрмен қапталған. Ескерткішті орнатуға шамамен 108 миллион теңге жұмсалыпты. Ол қаржыны батырдың ұрпақтары жинаған. Көп бөлігін сол өңірден шыққан белгілі кәсіпкерлер берген. Маңайы абаттандырылды. Бұл күні жас ақын, Нұрдос Кәрімнің сөзіне жазылған белгілі сазгер Қуандық Сәденовтың «Баһадүр бабам, Жидекең» атты жаңа әннің де тұсауы кесілді.

Бақытжан Әрінов, ұйымдастыру алқасының төрағасы:

– Жидебай батыр туралы нақыл сөздер көп қалған. «Сарыарқадай жер қайда, Жидебайдай ер қайда…» деген. Қаз дауысты Қазыбек би айтқан: «Замана өтпес болсайшы, Жидекем өлмес болсайшы» деп. Тағы да халықтың нақылы: «Ел шетіне жау келсе, атқа қонған Жидекем, ел ішіне дау келсе, таққа қонған Жидекем, қазағымның басына баққа қонған Жидекем» деп, бұл кісінің атына, сондай батырлығына ерлігіне үлкен баға берілген.

24.kz

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр