jasqazaq.kz

Балқашта тойды тоқтату үшін полиция терезеден кіруге мәжбүр болды (Видео)

17 тамыз 2021, 12:14

Балқаш қаласында мобильдік топ той өтіп жатқан мейрамхананың ішіне кіру үшін өрт сөндірушілерді шақыруға мәжбүр болды.

Балқаш қаласының коронавирусқа қарсы күрес үйлестіру орталығына тұрғындардың бірі мейрамханада той өтіп жатқанын хабарлаған. Мобильдік топ дереу мейрамханаға бірнеше минутта жеткен.

Алайда мейрамхана ішіне кіру оларға оңай соқпады. Ғимарат әкімшілігі есікті ішінен іліп алып, тексерушілерді кіргізбеген. Сол кезде мобильдік топ мүшелері өрт сөндірушілерге хабарласып, тойхана ішіне терезеден кірмек болады.

«Бүгін сағат 15.30 шамасында жақында ашылған «Айлин» мейрамханасында мобильдік топ той үстінен түсті. Мекеме әкімшілігі қонақтарын іштен жауып, рейд мүшелерін кіргізбеген. Арнайы күштер шақыртылып, ішке терезе арқылы түсуге тура келді», – деп жазды әкімдіктегілер.

Ондағы ақпаратқа сүйенсек, осы фактіге қатысты хаттама толтырылып, Балқаш қаласы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына жіберілді. Бұл жолы мейрамхана иесі мен ұйымдастырушысынан бөлек, қонақтар да әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін.

Stan.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия