jasqazaq.kz

Балқашта су түбінен баланың мәйіті табылды

30 мамыр 2019, 17:56

Қарағанды облысының Балқаш қаласында сүңгуірлер коллектордан баланың денесін алып шықты. Алдын ала болжам бойынша, мәйіт өткен жылдың қазан айында жоғалған екі жасар баланікі болуы мүмкін. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Кеше, 29 мамыр күні тұрғындардан судан баланың денесіне ұқсас әлденені байқағандары туралы хабар түсті. Бүгін сүңгуірлер баланың денесін алып шықты», — деп хабарлады Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен. Күні бойы құтқарушылар оқиға орнында жұмыс істеп, су астына сүңгіген. Алайда іздеу жұмыстарына ағыстың қатты болуы кедергі жасаған. Төтенше жағдай қызметкерлерінің өтінішінен соң Балқаш ЖЭО-дан су ағызу көлемі төмендетілді. Нәтижесінде, 30 мамыр күні сүңгуірлер коллектордың түбіне сүңгіп, баланың мәйітін тапты. Дене Балқаш ЖЭО-ның су ағызу коллекторының аузындағы темір бетонды конструкциялардың астында пайда болған саңылауда қысылып, қиыршық тас пен бетонды сынықтармен көміліп қалған.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда