jasqazaq.kz

Балқашта педофилді азаптаған төрт полицей сотталды

07 қыркүйек 2021, 15:04

Балқашта төрт полицей педофилді азаптағаны үшін сотталды. Олар 9 және 10 жылға сотталып, атағынан айырылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Балқаш қалалық сотында жергілікті криминалдық полицияның бастығы мен оның үш қызметкеріне қатысты үкім шығарылды. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабы 3-бөлігі «Жәбiрленушiнiң денсаулығына ауыр зиян келтiруге немесе абайсызда оның өліміне әкеп соққан азаптау» бойынша айып тағылған.

Бұл істе жәбірленуші — педофилия үшін сотталған 44 жастағы Балқаш тұрғыны. Тергеу мәліметі бойынша, ол 2019 жылдың қазанында күзетшілер тарапынан жәбір көрген. Сол кезде ол қылмыстық іске күдікті болған. Ол жергілікті полиция бөлімі ғимаратында азапталған.

«Төрт айыпталушының кінәсі толық дәлелденді. Бұл іс бойынша жиналған дәлелдемелер, сараптама нәтижелері мен жәбірленушінің айғақтары расталады. Сот айыпталушылардың екеуіне 9 жылға, тағы екеуіне 10 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды. Олар жазасын орташа қауіпсіздік колониясында өтейді, сонымен қатар олар үш жыл мерзімге мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан және арнайы атағынан айырылады: отставкадағы полиция подполковнигі, майор, аға лейтенант және полиция лейтенанты», — деді судья Бақтияр Аханов.

Сотталушылар кінәсін мойындамады. Сот үкімі жарияланғаннан кейін олар үкіммен келіспейтінін мәлімдеді.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия