jasqazaq.kz

Балқашта 15 жастағы қызды зорлаған полицейге үкім шықты

04 наурыз 2021, 14:10

Балқашта кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін полицейге үкім шықты. Ол 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Іс Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

Қарағанды облысының МАҚС баспасөз қызметінің мәліметінше, табылған дәлелдер полиция қызметкері 2020 жылы 5 шілдеде пәтерде 15 жастағы қызды зорлағанын көрсеткен.

«Сотта ер адам кінәсін мойындамады, ол жәбірленушінің анасымен жақын қарым-қатынаста болғанын айтты. Алайда оның сөзі толығымен теріске шықты, мұны зерттеулер дәлелдейді. Қыздың анасы онымен жыныстық қатынасқа түспегенін мәлімдеді. Сонымен қатар, төсектен алынған тін фрагментіне молекулярлық-генетикалық сараптама қорытындысына сәйкес, жәбірленуші мен ер адамның ДНҚ-сы табылған», — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Прокурор ер адамды ҚК-нің 120-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша кінәлі деп тануды және оған 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Нәтижесінде сот үкімімен полицей кінәлі деп танылып, педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 14 жылға сотталды.

«Сондай-ақ, ол полиция сержанты шенінен айырылды. Сот жәбірленушіге 5 000 000 теңге моральдық зиян өндіріп берді», — делінген хабарламада.

Сот тиісті сараптама қорытындысы бойынша, химиялық кастрация тағайындамауды ұйғарғаны белгілі. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

tengrinews.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия