jasqazaq.kz

Балқаш көліне қаланың кәріз суы құйылып жатыр (Видео)

04 ақпан 2022, 12:13

Балқаш көліне қаланың кәріз суы құйылып жатыр. Мұны байқаған тұрғындар дабыл қағуда. Қазір лас су басқан жерді экологтар тексеруге кіріскен, деп хабарлайды «КТК» телеарнасы.

Балқаш қаласының кәріз суы жиналатын жер Шашубай кентінің маңында орналасқан. Тұрғындар лас су құйылатын шұңқырдың арнасынан асқанын осыдан он күн бұрын айтыпты. Алайда қозғалған жан болмаған. Қазір далаға жайылған кәріз суы Балқаш көліне жеткен. Ақтоғай ауданы әкімдігі кеше ғана осы жерге барып әңгіменің растығына көз жеткізгенін айтады. Аталған аумақты экологтар тексеріп, Балқаш қаласының кәріз жүйесіне иелік ететін «Балқаш Су» мекемесін жауапқа тартады деп сендіріп отыр.

«Кәріз жүйесі туралы түскен бейнежазба бойынша комиссия құрылып, комиссияны өзім бастап, Тоқырауын полиция басшысы, коммуналдық салалармен бірігіп тиісті орынға бардық. Ол жерде кәріз жүйесі ағып жатқаны анықталды. Біздің тарапымыздан Қарағанды экологиялық департаментіне тиісті шара қолдануға хат жазылды», — дейді Шашубай кентінің әкімі Данияр Серіков.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде