jasqazaq.kz

Балғынбек Имашев: Бұл жазбам құйысқаны көтеріліп желпілдегендердің бәріне арналады

03 желтоқсан 2020, 17:18

Балғынбек Имашев күні кеше халықты шетелге көшуге кеңес берген әншілерді сынға алған еді. Айтыскер өзі сынаған әншілердің өнерін құрметтейтінін айта келе, оларды даттаған көпшілікке сабыр тіледі. Имашев өнер иелерін мысалға ала отыра көпшілікке үн қатқанын айтады.

«Қадірлі қазағым! Біреуді мақтасақ шыңға шығарып, біреуді айыптасақ шыңырауға тастап жіберетініміз қалай? Қалай болғанда да мен сын айтқан әншілер саналы, сапалы, салмақты, салиқалы өнер иелері. Олар жасаған еңбек, олар жасаған (тудырған, сақтаған, жеткізген, арқалаған) өнер ешқандай бағасын жоғалтпайды. Сол ретте, ит терісін басына қаптап сөге бермей, сөзден, істен сабақ алғанымыз дұрыс қой.

Бұл пост, оларға емес, жалпы жарнамашыларға және соларға ұйып, құйысқаны көтеріліп желпілдегендердің бәріне арналған. Мақсат біреуді айыптап тұқырту емес, елге ой салу еді. Отанынан жеріп, шет елді армандайтындарға арналған пост еді! Ойымды өлеңмен түйіндейін. Әр шумақтың бас әріптерінен бір сөз құралады. Осы сөз, елге де, жерге де, бір-бірімізге де шынайы болуы керек. Алладан қорқып, адамның хақына кіруде артық кетпейік, ағайын!», — деп жазды парақшасында.

Балғынбек мырза осылай деп өзі сынға алған әншілерді ақтап шықты. Әншіні ғана емес, олардың соңынан ерген, сөзіне сенгендердің бәріне айтқан сыным деп ақталды. Айтыскер әрі қарай айтар ойы өлеңмен өрбітті.

Мен ел сатсам қылқанымды қисын оқ,
Мекен сатсам табаныма тисін от.
Малайзия «Мықты!» дейді, кім білсін,
Меніңше, онда қазақтықтың исі жоқ.

Алыс елде құны қанша қарттықтың?
Алашымнан сақилықты салт тұттым.
«Америка бай ел» дейді, солай-ау,
Алайда онда, жұрнағы жоқ мәрттіктің.

Ханда болса билік, мансап, құзырет,
Халық үшін қылсын талмай қызмет.
Хақтың елі «Тайланд!» дейді, өтірік,
Хаят түгіл, онда ұяттың ізі жоқ!

Адам құқын Еуропа ма бұлдағыш?
Аты көркем, заты мүлдем былғаныш.
Азып-тозып еркекке еркек артылған,
Ар-иманның ауылы одан мүлде алыс.

Бұлыңғырлау ертеңінен күмәнді ел,
Болашақ деп дұрыс болар буған бел.
Бөтен елде күн шуақты, су жылы,
Болса-дағы, Оттан да ыстық — Туған жер!

Бабаларға қонған бақты іздетсек,
Бәрін қолдан ұшырыппыз тізбектеп.
Біздің қоғам кері кетті, ол анық,
Бірақ, бәрін кім түзейді біз кетсек?

Азған қауым емделе ме емдетсе?
Атажұртта кім қалады ел кетсе?
Атан жілік жігіттер көп алайда,
Атан-Нар да жүк көтермес бел кетсе.

Туған елде қарекет қыл жөндеп, сен,
Түзеледі ел, маңдайыңды терлетсең.
Табанымды аудармаймын ешқайда,
Темірқазық боп қағылған жерге өкшем.
Тірі жүрсем ұлтқа қызмет етем де,
Тек Аллаға аттанармын мен кетсем!

stan.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде