jasqazaq.kz

Балгерге барып, байып кеткісі келген әйел пәтерінен айырылды

05 ақпан 2019, 17:49

Ресейде сиқыршылық қызметтің ақысын төлеу үшін қарыз алмақ болған әйел үйінен айырылды. Ол үйін кепілге қою арқылы қарыз алу келісімшартының орнына жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату келісімшартына қол қойып жіберіпті.

Бұл туралы «Рифей-Пермь» телекомпаниясына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Біздің пәтерімізге кіргізбейді. Құлпын ауыстырып тастаған. Кілтін бермейді», – дейді зардап шеккен зейнеткер Татьяна Ушакова.

Белгілі болғандай, Ушакова денсаулығы үшін алаңдап, хабарландыру арқылы тапқан балгерлерге барған. Өз кезегінде балгерлер әйелді емдеп қана қоймай, байлыққа кенелуге көмектесетінін айтқан.

Осылайша олар қашықтықтан, яғни телефон арқылы сөйлесіп, сиқыр жасамақ болған. Мұндай қызметінің ақысы да аз емес. Құны – 2 миллион рубль (11 млн теңгеден аса).

Әйелдің сөзінше, өзін багермін деп таныстырған ер адам Мәскеуде тұратынын және әріптесімен бірге «Экстрасенстер шайқасы» шоуының сарапшысы Михаил Виноградовпен серіктестікте екенін айтқан.

Ушакова балгерлер сұраған ақшаны тауып беру үшін микроқаржы ұйымдарының біріне жүгініп, екі бөлмелі пәтерін кепілге қою арқылы қарыз алмақ болған. Алайда ұйым қызметкерлері оған тұрғын үйді сатып алу-сату келісімшартын ұсынған. Сонымен қатар келісімшартта жылжымайтын мүлік үшін өте төмен баға көрсетіліпті. Осылайша, олар келісімшарт жасасып, артынша пәтерді өзге тұлғаның атына аударған.

Зейнеткер алаяқтарға алданғанын түсініп, оларды сотқа берді. Алайда сот оның келісімшартты жоққа шығару туралы талабын қанағаттандырмады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде