jasqazaq.kz

Балгерге барып алданып қалды

15 тамыз 2018, 16:10

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында бір азаматша жергілікті тұрғынға бал ашып, жолын жеңілдетіп беретінін айтып сан соқтырып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын 8 млн 853 мың теңгені құрайды.
ҚазАқпарат жазғандай, Құқық қорғау саласының мамандары халықтың балгер мен тәуіптерге алданып қалатынын айтады. Қазір облыста мұндай деректер жиі орын алады. Солардың бірі – Жаңақорған ауданында болған осы оқиға. Өзін балгер ретінде көрсеткен әйел жергілікті тұрғынға «жолыңды жеңілдетіп беремін, байып кетесің», — деген желеумен бірнеше мәрте ақша алған. Аталмыш алаяқтық дерек сотта қаралып, күдіктінің кінәсі дәлелденді. Оның 5 жылға бас бостандығы шектелді. Қазіргі таңда Қызылорда облысында алаяқтық деректері алаңдатып отыр. Үстіміздегі жылдың 7 айында Қызылорда облысында 418 алаяқтық қылмысы тіркелді. Ол өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 3,2 пайызға азайған. Десе де тәртіп сақшыларын өзгенің меншігін алаяқтық жолмен иелену арқылы азаматтардың құқына қол сұғу деректері орын алып жатқанын ойлантады. «Биылғы 7 айда алаяқтық жасағаны үшін 162 тұлға ұсталды. Оның ішінде 109-ы әйелдер болып отыр. Оны ашуда бірқатар қиындықтар кездеседі. Атап айтқанда, жәбірленушілер кеш арызданып жатады. Биыл осындай 26 азамат кеш арызданған. Олардың арасында 2-3 жылдан кейін полицияға арызданып келгендері бар. Шындығын айтқанда, кейбір азаматтар қазір жеңіл пайда табу немесе мәселені оңай шешу жолдарын іздейтіндігі рас. Сондай-ақ, азаматтардың құқықтық сауаттылығы төмен», — деді облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің басшысы Гүлжахан Қайырбергенова. Көп жағдайда алаяқтар жер, үй алып беремін деген уәдесін береді. Сонымен қатар, жұмысқа тұрғызамын дейтіндер кездеседі. Тәртіп сақшылары алаяқтарға алданбаудың жолын іздеп әрбір іске сақтықпен қараудың дұрыс екенін ескертеді.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді