jasqazaq.kz

«Балгер» әйел балаларды алдап, 600 мың теңге мен әшекей бұйымдарды қолды еткен

17 маусым 2020, 16:23

Елордалық полицейлер дуадан арылтамын деп, балалардың әшекей бұйымдары мен ақшасын алдап алған күдіктіні ұстады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шарасы кезінде алаяқтық жасағаны үшін 31 жастағы әйел қолға түсті. Күдікті Нұр-Сұлтан қаласында кәмелетке толмаған балалардың жанына келіп, өзін «балгермін» деп таныстырған. Ол ата-аналарың мен туыстарыңды дуадан тазартамын деп алдап, балаларға үйден ақша немесе әшекей бұйымдарды алып шығуды сұраған. Осылайша ол үш баланы алдап, 600 мың теңге мен алтын бұйымдарды иеленіп алған. Әшекей бұйымдарды ломбардқа тапсырып үлгерген. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты алаяқтықтың 3 фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұрынырақ азаматша алаяқтық үшін бірнеше рет сотталған. Ол Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Осы әйелден зардап шеккен басқа да азаматтар болса, Нұр-Сұлтан қаласы «Есіл» аудандық полиция басқармасына немесе төмендегі телефон нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз: 8 (7172) 71-65-57, 71-65-58 8-778-994-02-02 8-702-348-31-90 немесе «102».

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде