jasqazaq.kz

Баласының көлігін жөндетемін деп сотталды

17 қараша 2020, 10:57

Шымкентте шенеунік ұлының джипін жөндетемін деп сотталды! Түркістан облысы балалар ауруханасының бұрынғы бас дәрігері Әнуарбек Маймақов 6 миллион теңгеге жуық қаржыны талан-таражға салғаны үшін 4 жыл 2 айға бас бостандығы шектелді. Сондай-ақ сол мекеменің бұрынғы бас есепшісі де енді 7 жыл бойы емін-еркін жүріп тұра алмайды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Балаларды емдеу мекемесін басқарып отырған екеу 2018 жылдың қаңтары мен 2019 жылдың қаңтары аралығында 25 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырған екен. Яғни, медицина ғылымдарының докторы әрі бұрын бірнеше жыл Шымкенттің денсаулық сақтау басқармасын басқарған Әнуарбек Маймақов аурухананың қажеттілігіне арналған 4 миллион 800 мың теңгеге шырша алып, туған ауылына отырғызса, миллионнан астамын ұлының джипін жөндеуге жұмсапты. Ал, бас бухгалтері болса 19 миллион теңгені туған қызы мен сіңлісінің фирмаларына аударып отырған екен. Бюджеттің миллиондарын жымқырғаны үшін жұмсақ үкім шыққанымен бұрынғы бас дәрігер сот шешімімен келіспейтінін жеткізді.

Момбек Әмірбеков, Қаратау аудандық сотының судьясы:

— Екі сотталушы да өздерімен келтірілген материалдық шығынды толық көлемде төлеп, Нарбаева өзінің 19 миллионын толық төледі. Сотталған Маймақов 5 миллион 910 мың теңгені төлеп, мемлекеттке келтірген шығынды толық қалпына келтірді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде