jasqazaq.kz

Баласына көлік тізгінін берген жүргізуші жазаланды

13 қантар 2020, 11:29

Алматыда 6 жасар баласына Merсedes Gelandewagen тізгінін берген ер адам әкімшілік жазаға тартылды.

Бұл құқықбұзушылық әлеуметтік желіде жарияланған болатын. Көп ұзамай бұл видео танымал аккаунттарда таралып кетті. Видеода 6 жасар ұл бала Merсedes Gelandewagen рөліне жайғасып көлікті жүргізіп кеткен. «Бала көлікті оқыту полигонында айдаған болуы мүмкін. Бірақ, солай болған күннің өзінде бұл бала үшін өте қауіпті. Әкесі оны түсінуі керек болатын. Сондықтан әкесіне қатысты ҚР ӘқбК 612-бабының 5-бөлімімен (жүргізуге құқығы жоқ тұлғаға көлік рөлін беру) әкімшілік іс қозғалды», — деді қалалық ПД басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков. Полиция көлік жүргізушілеріне жол қауіпсіздігі мақсатында жол ережелерін қатаң сақтауды ескертті.

ҚазАқпарат

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді