jasqazaq.kz

Баласына арақ берген әйелге қатысты тексеру жүргізілді

08 қазан 2020, 12:40

Соңғы күндері әлеуметтік желіде қызына арақ ішкізіп жатқан әйелдің видеосы тарап кеткен еді.

Анықталғандай, оқиға Шығыс Қазақстан облысында болған. Осыған орай тәртіп сақшылары әйел адамды тауып, тексеру жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Әлеуметтік желілерде тараған анасы баласына арақ берген видео қоғамда қызу талқыға түсті. ШҚО Полиция департаменті аталған бейнематериалды зерттеп, әйел адамның Ұлан ауданында тұратынын анықтаған.

«Бұл видео жуықта емес, осыдан біраз уақыт бұрын түсірілген болып шықты. Осыған орай Ұлан ауданының ювеналды полиция қызметкерлері әйелдің тұрғылықты жері мен тұрмыстық жағдайын тексерді. Бұған дейін де осындай тексерулер жүргізілген болатын», — дейді ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Әйгерім Нұрғазина.

Қазіргі уақытта әйел адамның алкогольді ішімдіктерге тәуелділігі жоқ. Аталған отбасы аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторының бақылауында.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық