jasqazaq.kz

Баласын ұрып өлтірген өгей әке сотталды

28 желтоқсан 2019, 12:20

Алматыда «кедергі келтірген» өгей ұлын ұрып өлтірген ер адамға сот үкімі шықты.

Бұл туралы Алматы қалалық сот баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді.

«Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соты ер адамды ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 3-тармағы («Кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамды, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан кісі өлтіру») бойынша кінәлі деп тапты. Оны 18 жылға бас бостандығынан айырып, қауіпсіздігі қатаң қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтейтін болады», — деді баспасөз қызметі тілшісіне.

Оқиға 23 қыркүйекте болды. Бұл күні қалалық ауруханалардың біріне екі жасар баланы ессіз күйде жеткізілген. Бала комаға түскен. Оған бас сүйегінің трепанациясын жасауға тура келген, алайда оң нәтиже бермеген: үшінші қазанда бала қайтыс болды.

Қаза тапқан баланың өгей әкесін қылмысын мойындады. Ол қайғылы оқиға болған күні үйде баламен қалып, оның жары жұмысқа кеткенін айтты. Ер адам жеті немесе сегіз литр сыра ішіп, содан кейін баламен бірге шаштаразға барған. Жолда бала еркелеп, көтеруін сұраған. Осы әрекеті үшін бала басынан соққы алған, асфальтқа құлап, тағы да соққы алып, қатты жылай бастаған. Сонда өгей әкесі оның ішінен ұрған. Бала есінен танып қалған. Кездейсоқ өтіп бара жатқан адам жедел жәрдем шақырған.

«Ол өмір бойы түрмеде отырса да, бостандыққа шықса да, менің ұлым қайтып келмейді. Құдай жазасын береді. Қандай шешім шықса да маған бәрібір», — деді қайтыс болған баланың анасы Әсел Теңізбаев.

Tengrinews.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия