jasqazaq.kz

Баласын саудаға салған әйел сот алдына келді

14 мамыр 2019, 10:52

Алматы облысында жаңа туған нәрестені саудалау ісіне қатысты сот отырысы аяқталды. Айыпталушылар орындығында сәбидің анасы мен әжесі. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Екі әйел де 7 жылға шартты жазаға кесілді.

Бұдан бөлек Қаскелең орталық ауруханасының екі қызметкері мен нәрестені сатып алмақ болған әйел де сот алдында жауап берді.

Оларға да шартты жаза тағайындалды.

Санитар мен сатып алушы әйел 7 жылға, ал босану бөлімінің меңгерушісі 7 жарым жылға сотталды.

Сот процессіне қатысушылардың барлығы «Кәмелетке толмағандарды саудалау» бабы бойынша кінәлі деп танылды.

Ал нәресте балалар үйіне жіберілген.

Оқиға өткен жылдың жазында болған. Ауруханадағы жайт туралы полицейлер біліп қойған. Кейіннен тәртіп сақшылары қылмысты әшкерелеген.

Ол кезде сәбидің әжесі отбасылары қаржылай қиындықтарды басынан өткергендіктен, нәрестені баласы жоқ үйге беруге шешім қабылдағанын айтқан.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық