jasqazaq.kz

Баласын өлтірген әке 20 жылға бас бостандығынан айырылды

22 желтоқсан 2020, 12:09

Алматыда InterContinental қонақ үйінде болған қыз баланың өліміне қатысты Ұлыбритания азаматы Бараката Мохамедке сот үкімі шықты.

Сот оны ҚР ҚК 99-бабының 3-бөлімімен айыпты деп тауып 20 жылға бас бостандығынан айырды.

Сонымен қатар, ол 5 жылға Қазақстан Республикасы территориясынан аластатылады.

Сотталушы жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады. Айта кету керек, оқиға 2019 жылы 24 қазанда болған еді. Алматыдағы InterContinental қонақ үйінде 1,5 жастағы София Баракат есімді қыз бала көз жұмған болатын. Полиция күдікті ретінде оның әкесі Баракат Мохаммедті ұстады. Биыл жазда аталған оқиғаға байланысты сот басталды. Айыптау актісіне байланысты Баракат Мохаммед шетелдік әуе компаниясында ұшқыш болып істеген. 22 жастағы Қазақстан азаматшасына үйленген. Бала қайтыс болатын күні ол есірткі шегіп, арақ ішкен.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия