jasqazaq.kz

Баласын құшақтаған күйі өртеніп кеткен

25 ақпан 2021, 11:32

Ақмола облысындағы Алексеевка ауылында үй өртеніп, газ баллоны жарылды.

Өрт басталғанда баласын құтқарып үлгерген 30 жастағы азамат жарылыстан соң екінші ұлымен бірге үйден шыға алмай қалды. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады..

«Бір партада отырған, кішкентайдан бірге өскен сыныптас досым еді. Кім білген, «Сашка жанып жатыр» деген айғайдан ояндым. Тұра жүгірдік, не керек, үлгермедік. Газ баллоны жарылып, үйден қайта шықпай қалды. Қолымыздан түк келмеді», — дейді марқұмның досы Евгений Кох.

Өрт жұрт шырт ұйқыда жатқанда басталыпты. Үй иесі тілсіз жау күш алғанда ғана оянған. Жанұшыра бір жарым жастағы ұлын далаға шығарыпты. Қайтіп кіріп ұйқыдағы 6 жасар ұлына алып шықпақшы болғанда газ баллоны жарылған. дүмпуден үйдің қабырғалары құлап, шатыры көкке ұшқан. Үйінді астынан құтқарушылар баласын денесімен жауып жатқан екеуінің мүрдесін тауыпты. Ал оқыс оқиға болғанда балалардың анасы ауруханада жатқан. 30 жастағы Александр үйінде екі ұлымен қалған. Доломитовый зауытында слесарь болып жұмыс істеген марқұм отбасына да, жұмысына да өте жауапты азамат болған дейді көршілері.

«Хабар келіп түсе, Көкшетаудан да, Зерендіден де өрт сөндіруге 20 адам және 5 арнайы көлік жіберілді. Ішкі істер органдары тергеу жүргізіп жатыр. Өртке техникалық сараптама жасалды. Өрттің неден тұтанғаны анықталып жатыр», — дейді Ақмола облыстық ТЖД бастығының орынбасары Манарбек Шапағатов.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия