jasqazaq.kz

Баласын құдыққа тастаған әйел ұсталды

07 сәуiр 2018, 15:53

Федоров АІІБ полиция қызметкерлері жаңа туған сәбиін өлтірді деген күдікпен әйел адамды ұстады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Федоров АІІБ полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шарасы барысында туған сәбиін өлтірді деген күдікпен 38 жастағы әйел адамды ұстады. 2 сәуірде шамамен сағат 19.15-те Федоров ауданындағы Кеңарал ауылында ауыл тұрғыны жаңа туған сәбидің денесін құдықтан тауып алған», — деді полициядағылар. Айта кетейік, полицейлер күдіктіні табу үшін көп еңбек етті. Жедел-тергеу тобы құрылып, кешенді тергеу шаралары жүргізілді: әйелдерді тексеру, тұрғындардың үй-үйлерін аралау, куәгерлерді анықтау. «Жедел-іздестіру шарасы барысында 38 жастағы күдікті әйел адам анықталып, ұсталды, ол баласын туып, құдыққа тастай салған», — деді Қостанай облыстық ІІД мамандары. Полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеуді ҚР ҚК 100-бабы «Жаңа туған баланы анасының өлтiруi» бойынша жүргізіп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Еске сала кетейік, бұған дейін Қостанай облысында құдықтан сәбидің өлі табылғаны хабарланған болатын. Оны шекара қызметіндегі әскери қызметкерлердің бірі тапқан.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді