jasqazaq.kz

Баласын қапқа салып ұрған әйел тұтқындалды (видео)

07 желтоқсан 2017, 11:52

Үндістанда полицейлер Чандигарха қаласының 35 жастағы тұрғыны Джасприт Каурды қамауға алды. Ол өгей баласын ұрып-соғып, қапқа салып қорқытып жүрген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап.

Қыздың ағасы өгей шешелерінің қарындасын қалай жәбірлейтін видеоға түсіріп алған. Видеоның бірінші бөлігінде әйел аяғы сынған кішкентай қызды аяусыз ұрса, екінші бөлігінде ол қызды қапқа салып, жерге соққылайды.

Ал балалардың әкесі видео пайда болғанша ештеңе білмегенін айтқан.

«Мен екінші әйелімнің қызыма көрсеткен қорлығын көрген кезде төбемнен жай түскендей болды», — дейді қыздың әкесі Манмохан Синг.

The Sun басылымының жазуынша, ұлы әкесіне өгей шешенің көрсетіп жүрген қорлығын қанша рет айтқанымен, оған әкесі құлақ аспай жүрген.

Бірақ Манмохан Сингх видеоны көрген соң дереу полицейлерді шақырып, әйелінің қамауға алынуын талап еткен.

https://youtu.be/f8W54qbQmy0

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды