jasqazaq.kz

Баласын денесімен жауып, өлімнен құтқарды (видео)

28 қантар 2020, 11:33


Мысырдың Исмаилия қаласының тұрғыны пойыз астына түсіп кеткен баласын денесімен жауып, өлімнен құтқарды.

Masrawy порталының мәліметінше, оқиғаның видеосы жексенбіде әлеуметтік желіде жарияланған. Онда екі адамның теміржол рейсінің шетінде жатқанын, әрі пойыздың жүйткіп өтіп бара жатқанын анық көруге болады. Аля Ибрагим есімді студент порталға видеоны өзі түсіргенін айтқан. Оның айтуынша, әкесі мен қызы перронды шатастырып алған. Ал тиісті пойыз келген кезде оған секіріп мінбек болған. «Қыз абдырап қалып, пойызға мініп үлгермеген. Пойыз теміржолдың бойымен жүріп бара жатты. Осы уақытта әкесі перронға құлап кеткен қызының үстіне секіріп, оны денесімен жапты», — дейді Ибрагим. Оның айтуынша, куәгерлер оларды өледі деп ойлаған. Алайда пойыз өтіп, әкесі мен қызы өлімнен аман қалған. Алайда қыз осы жағдайдан қатты есеңгіреп, жүре алмай қалыпты. Ол 15 минуттан соң өз-өзіне келген. Мысырдың теміржол басқармасындағы дереккөздің айтуынша, басылымға бұл оқиғаның болғанын растаған. Оның айтуынша, теміржолға қыз емес, ұл бала құлапты. Сонымен қатар ол баланың әкесі жерасты өтпе жолынан өтудің орнына, перрондардың үстінен секіріп, жолды қысқартпақшы болған. Осылайша, ол өзі мен ұлының өміріне қауіп төндірген.

kaz.tengrinews.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия