jasqazaq.kz

Баласын 1 млн теңгеге сатпақ болды

20 қазан 2020, 10:01

Шымкент қаласында 27 жастағы тұрғын кішкентай баласын 1 млн теңгеге сатпақ болған кезінде ұсталды. Бұл туралы Stan.kz хабарлады.

Шымкент қаласы полиция департаменті есіртке бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерін жедел іс-шарасын жүргізді. Оның барысында 1993 жылы туылған Назгуль Есенова өзінің кәмелет жасына толмаған баласын 1 000 000 теңгеге жергілікті тұрғындарға сатып жатқан кезінде ұсталып, полицияға жеткізілген.

Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізу барысында, аталған азаматша өз кінәсін толығымен мойындап, жасаған іс әрекеті үшін өкінді.

«Күдіктіге «үйқамақ» түріндегі бұлтаратпау шарасы қолданылып, ағымдағы жылдың 20 наурызында аталған қылмыстық іс бойынша жинақталған іс-құжаттары айыптау актісімен сотқа жолданды. 2020 жылдың 27 қыркүйегінде Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандырылған аудан аралық сотымен аталған азаматша ҚР ҚК-нің 135-бабы 2-бөлігі 12-тармағы бойынша айыпты деп танылып, 6 жыл бас бостандығынан айырылды», — деді Шымкент қаласының полиция департаментінде.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия