jasqazaq.kz

Баласымен бірге терезеден секірмек болды (видео)

09 маусым 2020, 11:35

Көкшетауда баласымен бірге 5-қабаттағы терезеден секірмек болған 36 жастағы әйел құтқарылды. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, суицид жасамақ болған әйел мен оның баласының өміріне араша түсу үшін құтқарушылар үйдің төбесінен арқанмен түсуге мәжбүр болған.

«Құтқарушылар альпинистік жарақтың көмегімен білдіртпей үйдің шатырынан түсіп, әйел мен оның баласын құтқарып қалды. Көкшетау қалалық құтқару бөлімшесінің басшысы Роман Шевченко әйелді баласымен бірге ұстап тұрғанда оның әріптесті Нұрхан Ашимғалиев пәтердің есігін ашты. Кейін 1984 жылғы әйел мен баласы полиция және жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды», — дейді Ақмола облысы ТЖД бастығы Алексей Советов.

Оқиға кезінде пәтер ішінде тағы бір бала болған. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.

https://youtu.be/y_SPiQVY9Zc

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде